Қонаевтың жиені және Қазақстан энергетикасының негізін қалаушылардың бірі — Алтай Қадыржанов өмірден өтті
ХХ ғасырдың белгілі энергетигі, инженер әрі мемлекет қайраткері Алтай Қадыржанов 84 жасында дүниеден өтті.
Бұл туралы Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қор хабарлады.
Алтай Қадыржанов Дінмұхамед Қонаевтың жиені болғанымен, қор өкілдерінің айтуынша, ол мансабын өз еңбегімен қалыптастырған, атақты тегімен байланыстырмай жұмыс істеген. Ол энергетика саласында ондаған жыл еңбек етіп, ірі нысандардың дамуына қатысқан, жылу және электрмен жабдықтау мәселелерімен айналысқан. Мамандар оны Қазақстанның энергетикалық жүйесінің негізін қалаған тұлғалардың бірі деп атайды.
Алтай Қадыржанов «КСРО-ның құрметті энергетигі» атағына ие болған, «Құрмет» орденімен марапатталған. Әріптестері оны принципшіл басшы әрі қиын кезеңдерде мәдениет пен ғылымды қолдаған азамат ретінде еске алады.
Қор марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.