Конгода мыс кенінің опырылуы салдарынан 40-қа жуық шахтер қаза тапты
Конго Демократиялық Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан Каландо мыс кенішінде көшкін салдарынан кемінде 32 адам қаза тапты.
Бұл туралы Луалаба провинциясының губернаторы Фифи Масука мәлімдеді, деп хабарлады француз радиостанциясы RFI.
Қайғылы оқиға шахтада жауған нөсер жаңбырдан кейін болды, жаңбыр топырақты қопсытып, опырылып түсуге себеп болған. Бұл мәліметті провинцияның ішкі істер министрі Рой Каумба Майонде де растады.
Жергілікті билік аумаққа кіруге ресми түрде тыйым салғанына қарамастан, заңсыз шахтерлер карьерге кіріп кеткен.
«Қатты жауын мен көшкін қаупіне байланысты учаскеге кіруге ресми тыйым салынғанына қарамастан, заңсыз шахтерлер карьерге кірген».
Қайғылы жағдай жұмысшылар мен кен орнын күзеткен әскерилер арасындағы жанжалдан туындауы мүмкін. Куәгерлердің айтуынша, әскерилер шахтерлерді тарату үшін оқ атқан, соның салдарынан көпір құлап, көшкін жүррген.
Қазіргі таңда құтқарушылар жоғалып кеткен адамдарды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Аймақтық шахтерлер қауымдастығының деректеріне сүйенсек, қаза тапқандар саны 49 адамнан асып кеткен.