Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:54, 02 Қыркүйек 2021

Конституция күні бәріне ортақ

None
None

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/18 мекемесінде шаруашылық жұмыстар атқаруға қалдырылған сотталушылар Конституция күнін атап өтті.

Коронавирустың таралуына байланысты шектеу салдарынан сотталғандардың өнерін тамашалауға олардың туыстары келе алмады. Алайда бұл жайт айтулы мерекеге байланысты кешті көңілді өткізуге кедергі болған жоқ. Жазасын өтеушілер ән шырқады, өлең оқыды, бір сөзбен айтқанда, Конституция күнін ойдағыдай атап өтті. Өйткені Конституция күні бәріне ортақ мереке. Заң алдында кез келген азамат тең. Бостандықта жүргендер үшін де, түрмеде жазасын өтеп жатқандар үшін де – бұл атаулы күн! 

Отряд басшысы, әділет майоры А.Шәкірбаев Конституция күнін атап өтуге тыңғылықты дайындалып, қатысушыларға өз өнерін көрсетуге барынша мүмкіндік жасады. Концертті сотталушылар К.Нұрмұхамбетов пен С.Пархоменко жүргізіп, әр қатысушыны жіті таныстырды. Әсіресе, Б.Жаңабаевтың өнеріне бәрі тәнті болды. Анасына ән арнаған Б.Қайролдаевтың да өнері тыңдарманның көңілінен шықты.

Тегтер: