Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:29, 13 Наурыз 2023

Конституциялық сот: ҮМІТ ПЕН КҮДІК

None
None

Бүгінде Конституциялық сотқа 1500 өтініш келіп түскен. Алайда оның тоғызы ғана өндіріске қабылданды.

Өтініш берушілердің көбінесе соттардың шешімдерімен келіспеу – 49%-ы, 23%-ы нормативтік-құқықтық актілерді немесе олардың жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану.

Ең көп өтініш Астана және Алматы қалаларының, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындарынан келіп түскен.

Қазақстан кәсіпкерлері де Конституциялық сотқа жүгінді. Жақында құрылған Qazaqstanda jasalgan Экономикалық ұлтшылдық Қозғалысының өкілдері бірнеше шағым түсіріп үлгерді. Олардың кейбірі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелікті белгілеген құқықтық норманың Конституцияға сәйкестігін анықтауға қатысты.

Қарағанды облысындағы Абай тігін фабрикасының басшысы және иесі, заңгер Нұрхан Жұмабеков бүгінде Қазақстанда жеке кәсіпкер (ИП) деңгейінен жоғары көтерілген кез келген кәсіпкер автоматты түрде Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүше болып, мүшелік жарна төлей бастайтынын атап өтті.

«Ешқайсымыз Ұлттық кәсіпкер палатасына біздің өкіл болуға рұқсатымызды берген жоқпыз. Алайда бизнес ашсаң, бітті, сен палатаға мүше болуға міндеттісің. Кезінде барлық кәсіпкерлерді «Атамекен» мүшесі етіп, оған қоса жарнаны төлеуге міндеттейтін заң қабылданған, бұл конституциялық нормаға қайшы келеді деп ойлаймын», – дейді Жұмабеков.

Кәсіпкерлерге Конституциялық сотқа жүгінуге себеп болған тағы бір жағдай – ол салық комитетінің салық төлеушілерге (кәсіпкерлерге) тәуекел дәрежесін беру ережесі.

Заңгер кәсіпкерлер 25 қаңтарда КС-ке өтініш білдіргенін және 31-і күні жауап алғанын атап өтті. Сот талапкерлердің азаматтық сот сатысын айналып өтіп, КС-ке тікелей жүгінуіне байланысты істі қараудан бас тартыпты.

Бұған қатысты Нұрхан Жұмабеков былай дейді:

— Азаматтың азаматтық сотқа алдын ала жүгінбей-ақ, КС-ға баруға құқығы бар. Бірақ бұл ерекше жағдайларға байланысты. Біздің өтінішіміз осындай жағдайларға қатысты деп есептедік. Конституциялық сот басқаша шешім қабылдапты. Олар Конституциялық соттың қорытындыларымен келісіп, ұзаққа созылатын процесті таңдап, шешім қабылдады. Енді біз қарапайым азаматтық сотқа талап арыздар дайындап жатырмыз. Болжап отырғанымыздай, Салық кодексінің 137-бабына келіп, бізге ақпарат беруден бас тартады (тәуекел дәрежесін беру ережелері туралы – автор.), содан кейін біз Конституциялық сотқа осы бапты конституцияға қарсы деп тануды талап етеміз.

Салық кодексінің нормасын Конституциялық сотта қарауға өтініш білдірген кәсіпкерлердің қатарында – қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығы, Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ұлттық бірлестігі, тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер қауымдастығы, еліміздегі жиһаз және ағаш өңдеу, автокөлік, аграрлық салаларының өкілдері бар.

Аталған салық кодексінің 137-бабы бойынша, белгіленген жағдайларды қоспағанда, тәуекел өлшемшарттарын және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін салық органы айқындайды және ол жария етуге жатпайтын құпия ақпарат болып табылады.  

Қазақстандықтардың КС-қа жүгіну тәжірибесі іс жүзінде жоқ. Сондықтан бас тарту, қайта жүгіну процесі қалыпты жағдай, осылайша, сот практикасы құрылады, – дейді қозғалыс өкілдері.

Экономикалық ұлтшылдық қозғалысының көшбасшысы Айбек Барысов даулы норма қазақстандық тауар өндірушілерге барынша зиян тигізеді деп есептейді:

«Біздің қозғалысымыздың мақсаты – қазақстандық кәсіпкерлердің мәселелерін шешу, біз оны жақсы түсінеміз, біз үшін проблемаларымызды біреу келіп шешіп бермейді. Бұл норма, менің ойымша, ең алдымен, отандық бизнеске кедергі жасайды. Біздің өтінішіміздің артында жүздеген мың адам, кәсіпкерлер, кәсіпорын қызметкерлері, олардың отбасылары тұр. Реформаларды, соның ішінде, конституциялық соттарды жүргізу мақсатында Конституциялық сотты ел президенті құрды. Ең маңызды реформа азаматтардың санасында болуға тиіс өзгерістер. Біздің әрқайсымыз өз елімізді, оның ішінде, оның заңдарын құру тетігі бізде екенін, бізге байланысты екенін түсінуіміз керек».

Оның ойынша, бұл бастаманың негізгі мақсаты – бүкіл қоғамға ел реформаларына сөзбен емес, іс жүзінде қалай ықпал ету керектігін үлгі ету.

 «Бұл үшін бізде құралдар, «тұтқалар» бар, олар әлі сынақтан өтпесе де, сықырлап жұмыс істейді. Бірақ жұмыс істету үшін оларды белсенді пайдалану керек. Біз қазақстандық бизнестің жағдайын жақсартуға тырысып жатырмыз. Бізде Конституциялық сотта көтергіміз келетін тағы бірнеше сұрақ бар. Бірақ бұл оңай іс емес.

Салық кодексінің 137-бабы бойынша соттасу – бұл біздің алғашқы қадамымыз, сондықтан қателесуіміз де мүмкін. Алайда бұл процесті әрі қарай ширатып, түсінікті және қарапайым ету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек, – деді Айбек Барысов.

«Атамекен» палатасына қатысты өтініштеріне талапкерлер жауапты 24 ақпанда алуы керек еді. Алайда, аталған мерзімнің аяқталуына бір күн қалғанда, өтінішті қарау 28 күнге, яғни 24 наурызға дейін ұзартылғаны белгілі болды. Мерзімнің ұзартылуына негіз болған шағымның материалдарын қосымша зерделеу қажеттігі туындапты. Қозғалыс өкілдері мұны жақсы белгі деп санайды.

«Қарау мерзімінің ұзарғаны жақсы белгі, яғни еститін мемлекет іс жүзінде өзін таныта бастады. Мемлекет басындағылар заңды түрде қойылған сұрақтардың кейбірі қосымша зерттеуді қажет ететінін түсініп отыр», – дейді ойын қорытындылағанАйбек Барысов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда қайта жаңғыртылған Конституциялық сот өз жұмысын 2023 жылдың қаңтар айынан бастады. Ел тарихында конституциялық сот 1993-1995 жылдары болған.

Тегтер: