Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Конституциялық комиссияның екінші отырысы 26 қаңтарда өтеді

Халық заңгері-2024
Фото: ашық дереккөз

Бүгін, 26 қаңтарда Қазақстанда Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті екінші отырысы өтеді.

Комиссия отырысы тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляция consot_kz, constcouncil.kz, сондай-ақ «Конституциялық реформа – 2026» атты ресми әлеуметтік желі парақшаларында жүргізіледі.

Басталу уақыты – сағат 10:00.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Президенті Конституциялық комиссия құру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Комиссияның ережесімен және оның жеке құрамымен ресми ресурстар арқылы танысуға болады.

Комиссия құрамына 100-ден астам адам енген. Олардың қатарында Ұлттық құрылтай мүшелері, танымал заңгерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, мәслихат төрағалары және қоғамдық кеңестердің өкілдері бар. Комиссия жұмысына Конституциялық сот төрағасы жетекшілік етеді.

Конституциялық комиссия құру туралы шешім Мемлекет басшысы тарапынан Ұлттық құрылтайдың отырысында жарияланған еді. Президенттің айтуынша, бастапқыда парламенттік реформа аясында Ата заңның шамамен 40 бабына өзгеріс енгізу жоспарланған. Алайда талқылау барысында конституциялық түзетулердің ауқымы бұдан әлдеқайда кең болатыны белгілі болған.

Мемлекет басшысы комиссия барлық ұсыныстарды жан-жақты зерделеп, жүйелейтінін атап өтті. Соның негізінде Конституцияға енгізілетін нақты өзгерістер жобасы дайындалады. Тек содан кейін ғана жалпыхалықтық референдум өткізу мерзімі айқындалмақ.

Тегтер: