Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:10, 11 Қыркүйек 2024

Конституциялық Сот алқабилерге қатысты шарттың Заңға сәйкестігін тексереді

f
Фото: pixabay

Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің 645-бабының төртінші және алтыншы бөліктерінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Даулы нормаларға сәйкес, егер алқабилердiң қайсыбiреуiнiң сот отырысына қатысу мүмкiндiгiнiң жоқтығы кеңесу бөлмесiне кеткеннен кейiн анықталса, онда судья мен алқабилер сот отырысы залына кiрiп, алқабидi қосалқы алқабимен ауыстыруға және қайтадан кеңесу бөлмесiне кетуге тиiс. Егер шығып қалған алқабиді қосалқы алқабимен ауыстыру мүмкіндігі болмаса, төрағалық етуші өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады. Алқабидi шеттетудi төрағалық етушi тараптардың қатысуымен жүзеге асырады, бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазба жасалады, делінген хабарламада.

Айта кетейік, алқа билер сотының жұмысы алғаш рет бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотында жүзеге асырылған.

Тегтер: