Көп сөйлеген Цой «сойып» сөйлей алмады

Кеше денсаулық сақтау министріАлексей Цой брифинг өткізіп, екі сағат сөйледі, бірақ журналистердің қарапайымсұрақтарына еш мардымды жауап бере алмады.
Біріншіден, Қазақстандакоронавирус жұқтыру көрсеткіштерінің құбыла салатыны қызық. 1 тамыздағы жағдайбойынша коронавирус және пневмониямен ауырған 6407 адам тіркелді деген ресмиақпарат тараса, дәл министр сөйлейтін 3 тамыздың алдындағы тәулікте ауружұқтыру тұп-тура біреу тапсырыс бергендей – 1876 адамға дейін күрт төмендепкетті. Көрсеткіштердің неліктен дәл бұлай күрт азайып кеткенін Цой түсіндіреалмады.
Екіншіден, Қазақстан ендіпневмониямен ауыратындар саны бойынша статистика жүргізетін болды. Бірақ оныбәрібір ресми статистикаға қоспайтын болыпты. Бұл сұрақтың «негесін» министр тағытүсіндіре алмады.
«Түпкілікті деректерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ұсынып қойдық,енді күтіп отырмыз, жақында жауабы келеді. Біз статистиканы жасырмаймыз, бұлсандар ашық жарияланады», – деген мардымсыз жауаппен құтылғандай болды. Ал енді,шыны керек, коронавирус пен пневмония саны біріктірілген статистиканықазақстандықтардың күтіп отырғанына ендігі бір ай болып қалды. Бұл статистиканы қарапайым халықты айтпағанда,журналистердің өздері ала алмай жүр.
Үшіншіден, «Шілде айында 1,2миллион ПЦР тест сатып аламыз деп уәде берген денсаулық сақтау министрлігі онынеге әлі күнге дейін сатып алған жоқ?» деген сұрақ та жауапсыз қалды. «Жұмысістеп жатырмыз, бұл мәселені шешеміз», – дегендей тайғанақ жауап шықты Цойдыңаузынан.
Төртіншіден, министр кешегібрифингте шенеуніктерге шаң жуытпады. Шенеуніктердің жұмысты сауатты атқарғанысоншалық – қазір жағдай тұрақталды, ауру жұқтыру көрсеткіштері төмендеді, бұлжерде дәрігерлер мен шенеуніктерді тыңдамайтын халықтың өзі бәріне кінәлі болыпотыр дегендей идеясын тықпалаумен болды Цой. Бірақ бұл сөзін растайтын фактілерұсына алмады.