Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:04, 28 Мамыр 2021

Көппәтерлі тұрғын үйлердің бірлестігі құрылады

None
None

Түркістан облысында 1 475 көппәтерлі тұрғын үй бар. Олардың ішінде басқару органдарын құруды қажет ететіні 1 348, қалған 127-сі коммуналдық меншікте.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, кондоминиум нысандарын басқару, күтіп-ұстауды қаржыландыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін меншік иелерінің бірлестігі құрылады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бақтыбек Убайдин мәлімдеді.

«Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі – нысандарды күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға. «Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі таңға 456 басқару жүйелері құрылды, оның ішінде 34-і меншік иелері бірлестігі және 422-і жеке серіктестік», — деді Бақтыбек Тоқбергенұлы.

Тегтер: