Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:41, 12 Шілде 2023

Көпшіліктің қарсылығына қарамастан Александр Невскийге ескерткіш орнатылды

None
None

Желіде сын айтылып, көпшіліктің қарсылығына қарамастан, Александр Невскийге ескерткіш орнатылды.

Бүгін ескерткіш шіркеу алдындағы тұғырына қойылған деген ақпарат БАҚ беттерінде тарады.

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде ресейлік қолбасшыға ескерткіш орнатылуына қарсылық легі жүріп жатыр. Сыннан кейін ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасындағы Метрополитен округі ескерткіш орнату туралы хабарландыруды алып тастады.

Дінтанушы Ерлік Бірлікбаев ескерткішті атсыз орнатуды ұсынған.

«Православие Невскийді әулие ретінде қабылдайды, өйткені ол православиелік сенім мен Ресейдегі православие ғибадатханаларын сақтап қалған. Сонымен қатар, Александр Невский Алтын Орданың адал вассалы ретінде орыс жерінен алым төледі. Ендеше оны әскери құрал-жабдықтарсыз (ол кезде жылқы ең алдымен жауынгерлік белгі болатын) кішіпейіл етіп көрсетейік. Неліктен Беларусьтің Витебск қаласында әйелі ханшайым Александра Полоцкаямен және олардың тұңғышы Василиймен бірге бейнеленген Невскийге Алматыда да ескерткіш орнатпасқа. Невскийдің ескерткішін Ресей мен Беларусь қалаларындағы храмдардағыдай атсыз қоюға болады», – дейді ол.

Тарихшы-заңгер Руслан Түсіпбеков Орыс православие шіркеуінің Қазақстанда мұндай ескерткіш орнатуға ұмтылуын «қазақтарды қорлау» деп атады.

«Бұл әркет қазақтарды қорлауды екені ақиқат. Мақсат — олардың ұлы, көшбасшы, ал біздерді вассалдар және ізбасарлар екенімізге сендіру. Шындығында бәрі керісінше. Оларға мемлекет сыйлаған ата-бабаларымыз. Яғни, Алтын Орданың тікелей ұрпағы біз — әртүрлі князьдіктерден қазіргі Ресей деп аталатын жерді құруға көмектескен адамдар. Бұл тарихи шындық. Олар бәрі керісінше болды деп сендіргісі келеді», — деген еді ол facebook парақшасында.

фото: adyrna.kz

Мүсін Алматының Жетісу ауданындағы Әулие Александр Невскийдің құрметіне арналған православие шіркеуінің ауласына орнатылған. Оны орнатушылар бұл жеке аумақ болғаннан кейін, ескерткіш тұғырына қойылатынын айтқан.

Ертең, 13 шілдеде ескерткіштің ресми ашылу салтанаты болады, оған Астана және Қазақстанның митрополиті Александр қатысады деген болжам бар.

Айта кетейік, 2021 жылы князь Александр Невскийдің туғанына 800 жыл толуын тойлау аясында Орыс православие шіркеуінің Қазақстандағы Митрополиттік округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы жаңадан салынған Александр Невский шіркеуінің ауласына оған арнап ескерткіш орнатуды ұсынған болатын. Бұл кейіннен көпшіліктің наразылығын тудырды. 2022 жылы ескерткіштің орнатылмайтыны хабарланған болатын.

Ескерткіштің авторы – ресейлік мүсінші Салават Щербаков.

Тегтер: