Қорғаныс министрі болған Руслан Жақсылықов қамауға алынды ма?

Экс-министр жексенбі күні ғана қызметінен босаған.
“Выход к правде” Telegram арнасының мәліметінше, 10 маусым күні Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тергеу изоляторына қамалған. Ол Астана қаласындағы уақытша ұстау изоляторына жеткізілгені хабарланды.
Қазіргі таңда іс бойынша басқа мәліметтер тергеу құпиясына байланысты жарияланбай отыр. Оқиғаға байланысты ресми органдардан қосымша ақпарат сұратылды, редакциялар мән-жайды анықтауға тырысып жатыр.
Еске салайық, 8 маусым күні президент жарлығымен Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметінен босатылып, оның орнына генерал-лейтенант Дәурен Қосанов тағайындалған еді.
Руслан Жақсылықов 2022 жылдың қаңтарынан бері Қорғаныс министрі қызметін атқарып келді. Оған дейін Ұлттық ұланның бас қолбасшысы болған. Қазіргі таңда оның ұсталу себебі мен іс мән-жайына қатысты ресми түсініктеме берілмеді.
Расталған деректерге сәйкес, Руслан Жақсылықов ұсталғаны туралы жалған ақпаратты жоққа шығарды. Экс-министр қамауға алынғаны туралы қауесетті Астанадағы үйінде оқыған. Министр жалған ақпарат таратқандарды сотқа беруге ниетті екенін мәлімдеді.