Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:45, 29 Шілде 2024

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында полигон салмақ

н
Фото: gov.kz

Шілде айында «Ашық заңды тұлғалар» порталында «Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Үкімет қаулысының жобасы жарияланған болатын.

Жамбыл облысының орман қорынан қарулы күштерге 5,3 мың гектар жер беріледі деп күтілуде. Қорғаныс министрлігі Vlast.kz басылымына бұл алаңда жауынгерлік дайындық шараларын өткізу үшін полигон салуды жоспарлап отырғанын айтқан.

Сондай-ақ ведомство үкімет қаулысының жобасында көрсетілгендей 5,3 мың гектар жер емес, 5,56 мың гектардан астам жер беріліп жатқанын айтты.  

«Жамбыл облысы әкімі орынбасарының төрағалығымен полигон салу және жер телімін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына тұрақты жер пайдалануға беру мәселесі бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады ведомство.

Бұл ретте Қорғаныс министрлігі орманды кеспейміз, полигонды экологиялық стандартқа сай жабдықтаймыз деп уәде берді.

«Сонымен бірге, орман шаруашылығына қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін орман алқаптарын алып қоюдан орман шаруашылығы өндірісіндегі шығындар республикалық бюджетке өтеледі», - деп хабарлайды ведомство.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полигонның периметрі бойынша траншеялар қазылады, ақпараттық таблолар мен белгілер орнатылады, практикалық жауынгерлік оқу-жаттығуларды өткізу алдында халыққа хабарланады.

Құжат жобасының қосымшасында Қорғаныс министрлігіне берілетін 5,3 мың гектар жердің 313,7 гектары орман, 2091,7 гектары жайылым, 5,5 гектары жолдар екені көрсетілген.