Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:11

Қорғаныс министрлігіне жаңа функциялар жүктелді

1
Фото: из открытых источников

Қазақстанда Индустрия және құрылыс министрлігінің бірқатар салалардағы функциялары мен өкілеттіктері беріліп, Қорғаныс министрлігі қайта құрылып жатыр. Мемлекет басшысының 2025 жылғы 13 ақпандағы тиісті жарлығы Нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланған.

Құжатқа сәйкес, Қорғаныс министрлігі Индустрия және құрылыс министрлігінің келесі салалардағы функциялары мен өкілеттіктерін бере отырып, қайта құрылады:

Мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын қалыптастыру, басқару және салааралық үйлестіру;
Әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарлы (қолданбалы) тауарларға (өнімдерге), әскери жұмыстар мен әскери қызметтерге баға белгілеу.
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі берілген функциялары мен өкілеттіктеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып белгіленсін», - делінген жарлық мәтінінде.

Қазақстан Республикасының Үкiметiне Президент Әкiмшiлiгiмен келiсiм бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттiк органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлудi қамтамасыз ету, сондай-ақ жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдау тапсырылды. Оның орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді.