"Коронавирус болу" деген не?

21.07.2020, 12:41

23

                              

   Адам басына іс түспей, ештеңені ұқпайды. Олрас. Мен коронавирус болдым, яғни осы дертке ұрындым. Жеңіл түріне. Енді «коронавирусболу» дегеннің не екенін айта кетейін. Араларыңызда «ол тұмауға ұқсайды, жай әншейіннәрсе екен» дейтіндер бар.

 Ол тұмау болса, жай адамды қойшы,дәрігерлердің өзі осылайша қырылып қалар ма еді? Соны неге ойламайсыздар?Мәселен, Алматы облысында 45 медицина қызметкері осы кеселден көз жұмды.  Шындығында, бұл аурудың емі жоқ. Сондықтанқазір алдағы қиын кезеңге деп, бүкіл медицина саласы жанталасып дайындалыпжатыр. Ол – қазан-қараша-желтоқсан айлары. Неге бұл кезең дейсіздер ме?Айтайын.

 Менің түсінігімде, барлығы екі нәрседен кейінушыққан. «Ауруын жасырған өледі» дейді қазақ. Біріншісі – осы. Біздегі карантиншетелдегідей қатаң болған жоқ. Індет өршіп тұрғанда бәрібір адамдар көшедежүрді. Ауру жұқтырушылар саны күннен-күнге өсіп жатты. Оны жақсылап жасырды.Нақты цифрды айтпады. Ал карантин ашылғанда жұқтыру үлкен қарқынмен жүрді. Енді ештеңе ауыздықтауға келмей қалды.«Маска тақ, арақашықтықты сақта» деген жайына қалды. Өйткені адамдардың көбірекқырылғанына мүдделі алпауыттар «бұл ауру жұқпайды екен, анау-мынау» деген түрлісыбыс пен аңызды интернет арқылы кеңінен таратты. Адамдар коронавирустың қаупіжайлы ресми тарап жатқан нақты ақпаратқа емес, сол түрлі сыбысқа сеніп, ақырыосындай масқараға ұрынды. Бұл – екінші себебі. Бірақ одан сабақ алған жұртымдыкөріп тұрған жоқпын. Әлі бейқам, әлі салақ. Әлі өз-өзін алдап, болмайтын бірәңгімелерге сенеді. Маскасыз жүрген ел әлі көп. Енді сол ауру жұқтырмағанадамдарға шындықты айтайын.

      Коронавирус жұқтырдым дегеніңіз – иммунитетсізқалдым деген сөз (СПИД-тің дәрісімен емдейді деген бекер емес). Әйелдер жағытүсінетін шығар, бұл жаңа босанған әйелдің күйі секілді. Тоңазытқышты ашып,ішінен үп еткен суықтан-ақ ұшып кететін. Иә, бойыңызда вирус бар екенінбілдіріп, алғашқы сәтте дене қызуыңызды бұрқ еткізеді. Оны аспирин жәнепарацетамолмен түсіресіз. Міне, осыдан кейін қаншама адам түк болмағандай қазіржұмыс істеп жүр. «Жазылдым» деп ойлайды. Бірақ бұл жазылғанға жатпайды.Керісінше, ішке түскен вирус адам ағзасының әр мүшесін қабілетсіз ету үшінжанталасып жұмысқа жең түре кіріседі. Сондықтан міндетті түрде дәрігергекөрініп, 1-2 аптаға дәрі жаздырып алу керек. Көбінесе бұл вирусқа қарсы тұратындәрі-дәрмектер болып келеді.

     Неге коронавирус жұқтырған адамды 15 күнбойы ауруханада ұстайды? Соны ойладыңыздар ма? Басында ауру белгісі болмаса да,ауруханада қамап ұстап, оларды бақылады ғой. Дәрігерлер ерігіп жүр депойлайсыздар ма? Қай кезде, қай сәтте алып түседі екен деп бақылады, қаннанвирустың бары шығып тұрған соң. Осы 15 күннен аман өтсе, адам бойында солвирусқа қарсы қызмет ете алатын антидене пайда болады екен. Міне, сол антиденепайда болғанға дейін адам денсаулығын, өмірін қауіпке тігеді. Сондықтан бір ретқызуыңыз көтеріліп, одан аман шықсаңыз, алдағы 15 күн бойына дәрі-дәрмекқабылдап, өз-өзіңізді күтумен айналысуыңыз керек.

       Ең алдымен, ыстық шайды көп ішу керек.Өйткені вирус ағзаны былғап, улап жатады. Соны әр күн термен шығарып отыру керек,әйтпесе ол у жайылып, бауыр, бүйрек, ақыры жүректі зақымдайды. Тамырлардыжаратын әдеті болғандықтан, аскорбин қышқылы дәруменін ішу керек. Олтамырлардың қатты болуын қамтамасыз етеді. Ал тағайындалған дәрі-дәрмеквирустың өршуін басып отырады.

      Қазірауруханадан жазылып шыққан адамдардың өзіне (ауырғандарына бір айдан аса уақытөткен) «күтініңіздер» деп, дәрігерлер бекер айтып жатқан жоқ. Ауруханаданшыққан соң да, 10-15 күн денсаулықты байқау керек. Ал біздегілер не істеп жүр?Бір ауырып, аунап тұрғандар күні бойы жұмыста бір шыныаяқ шаймен жүре береді.Әрине, олар кезекті мәрте құлайды. Бірақ тағы оны коронавирус деп ойламайды.Тағы да суықтап қалыппын, көз тиді, тағысын тағы деп, өздері бірдеңе ойлаптауып алады. Өз-өзіңізді олай алдамаңыз. Денсаулық түзеуге келмейді. Күй кетсебойдан қайта оңалу оңай шаруа емес.

       Иә, коронавирустың жұмысы да сол: адамкүйін кетіру. Ал жағдайға нақты көзі жеткендер барлығын ысырып тастап, өз-өзінкүтумен айналысып жатыр. Базардағы қымызды да, басқасын да қоймай алып жатқандарсолар. Бұл, негізінен, дұрыс нәрсе. Бір ауырған адам өз-өзін күтуі керек,әйтпесе ертең қиын болады. Дәрігерлер мұны реабилитация деп атайды. Міне, осыоңалту кезеңін көп адам елемей, жіберіп алып жатыр. Ал олар ертең күзде қаттықиналуы мүмкін. Мұны дәрігерлер жақсы біліп отыр, қазірдің өзінде Қазақстан«алдағы эпидемиологиялық қиын жағдайға» деп, шетелден 4,5 мың жасанды тыныс алуаппаратын алдыртуда. Оның мәнісі мынада. Мәселен, бір ай ішінде адам бойындавирусқа қарсы антидене қалыптасты делік, бірақ ол да мәңгілік емес екен.Дәрігерлердің айтуынша, ол үш айға ғана жарамды. Яғни қазір коронавирусжұқтырғандар үш айдан соң қайта ауыра бастайды. Ал бұл дегеніңіз – 2 миллионадам. Президенттің кеңесшісі Олжас Құдайбергенов (мамандығы экономист) желідеосы цифрды өзінше санап шығыпты. Оның есебі бойынша кем дегенде 2 миллионқазақстандық коронавирус жұқтырған. Бұл еліміздегі пневмония мен коронавирусстатистикасын біріктіру туралы шешімнен кейін долбарлап, есептелген көрсеткіш. Енді100 коронавирус адамның ауру жұқтыру қабілеті мен 2 миллион адамның ауружұқтыру қабілеті қандай болатынын көз алдыңызға елестете беріңіз. Осыдан кейінқалай қорықпай маскасыз көшеге шығуға болады, айтыңыздаршы? Енді билік маскакимейтіндерге жанталасып айыппұл салуға көшкендері де сол болуы керек.Денсаулығы дұрыс, сапалы адам керек шығар бұл елге де. Ал ана 2 миллионныңшаруасы тынған енді. Оларды «отработанный материал» дейді өз тілдерінде.Сондықтан араларыңызда ауру жұқтырмағандар бар болса, онда осы «отработанныйлардың»қатарына өтіп кетпеуді ойлаңыздар. Бұл жай әншейін нәрсе емес. Сонда не істеукерек дейсіздер ме?

       Мысалы, намаз оқитын адамдарға жақсы.Олар бес уақыт аузын, мұрнын шаяды, бес уақыт намазға жығылып жаттығу жасайды,тіпті аяттар оқу арқылы өкпесін жаттықтырады. Оларға маска кисе жетіп жатыр. Алнамаз оқымайтындар ше? Көшеге шыққанда маска тағып, арақашықтықты сақтау керек.Көп сөйлеу әдетіңіз болса, одан арылған жөн. Амандасқанда бас шұлғысаңызжеткілікті. Қаза болғандарға телефон арқылы көңіл айту немесе зират басынанқайту. Той, басқасының бәрін қою. Сырттан келгенде сабындап жуыну, тамақты,мұрынды қайнаған жылы сумен шаю. Оқшаулануға үйрену. Одан кейін қимыл керек.Таңертең жаттығу жасау, түстенгеннен кейін жаттығу жасау дегенді әдеткеайналдыра алсаңыз жақсы болады. Ал психологиялық тұрғыда «қазір соғыс болыпжатыр, ал көшеде коронавирус деген оқ зулап жатыр, соған ілініп кетпейін» депойласаңыз, бұл жағдайға тез бейімделе аласыз. «Сақтанғанды Құдай да сақтайды»демекші, аман болыңыздар, қазағым!

P.S. Өткенде білімминистрлігі қыркүйекте сабақтың қашықтан оқылатынын хабарлады. Бұған наразыболғандар табылды. Енді министрлік баласын мектепте оқытқысы келетіндерге арнайысынып ашамыз депті. Бұл қандай жүрек жұтқандар екен деймін-ау. Баланыңденсаулығынан білімі маңызды ма сонда бұл адамдарға?

Ербол АЗАТҚАЛИ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

03.08.2020, 15:22
Індеттің шарықтау шегі артта қалды,-Цой
29.07.2020, 12:47
Қазақстанда тағы 208 адам коронавирустан қайтыс болды
27.07.2020, 13:02
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 83 мыңнан асты
25.07.2020, 14:15
Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 80 мыңнан асты
22.07.2020, 19:41
Алматыға 34 тонна ковидке қарсы препараттар жеткізілді
13.07.2020, 21:27
Аурудан кейін ағзаны қалпына келтіру үшін тыныс алу гимнастикасын жасау және дәстүрлі қазақ сусындары мен фитопрепараттарын қолдану ұсынылады

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38