06:39, 07 Тамыз 2020
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының басшысы Әсет Оспанов мәлім етті.
«Биыл барша әлемде COVID-19 індетінің таралуына байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайының ушыққаны байқалуда. Өкінішке қарай, бұл проблема біздің елді де айналып өтпеді. Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті», — деді Ә. Оспанов.
Осы орайда ол карантинді сақтау бойынша шаралар қабылдануы тұрғысында полиция күрделі жағдайда жұмыс істеп жатқанын атап өтті.