07:32, 29 Шілде 2020
Коронавирус пандемиясы үлкен бір толқынға ұласады - ДДҰ

Дүниежүзілікденсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясы бірнеше толқынмен дамиды дегенболжамды жоққа шығарды.
Бұл туралы ДДҰ өкілі Маргарет Харрис айтты, — депхабарлайды Reuters агенттігі.
Ол COVID-19 вирусы тұмауға қарағанда"өзін басқаша ұстайтынын" атап өтті.
«Адамдар әлі жылдың маусымдарытуралы ойлап жүр. Біз мұның жаңа вирус екенін түсінуіміз керек. Ол кез келгенауа райын жақсы көреді», — дейді Маргарет Харрис.
Оныңайтуынша, бірнеше толқынның орнына "үлкен бір толқын болады".Осылайша, коронавирус жұқтырғандар саны артып не төмендеп отырады.