08:40, 27 Қыркүйек 2021
Коронавирус пен пневмониядан тағы 35 адам көз жұмды
25 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 35 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Оның 30-ы КВИ инфекциясынан, 5-і пневмониядан қайтыс болған.
27 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 63 845 адам коронавирус инфекциясынан (–55 042 + және 8 803 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 543 пациент стационарда, 52 302 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 895 адамның жағдайы ауыр,
- 222 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 142 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.