Коронавирус жұқтырғандардың саны 900 мыңнан асты
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 05 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат таратты.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 632 адам тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 975 782-ге жетті.
«Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында — 102, Алматы қаласында — 66, Шымкент қаласында — 0, Ақмола облысында — 69, Ақтөбе облысында — 6, Алматы облысында — 12, Атырау облысында — 9, Шығыс Қазақстан облысында — 16, Жамбыл облысында — 8, Батыс Қазақстан облысында — 16, Қарағанды облысында — 101, Қостанай облысында — 71, Қызылорда облысында — 4, Маңғыстау облысында — 0, Павлодар облысында — 77, Солтүстік Қазақстан облысында — 68, Түркістан облысында — 7», — делінген хабарламада.

Қазақстанда 791 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты: Нұр-Сұлтан қаласында — 124, Алматы қаласында — 65, Шымкент қаласында — 27, Ақмола облысында — 140, Ақтөбе облысында — 7, Алматы облысында — 44, Атырау облысында — 11, Шығыс Қазақстан облысында — 38, Жамбыл облысында — 11, Батыс Қазақстан облысында — 1, Қарағанды облысында — 143, Қостанай облысында — 7, Қызылорда облысында — 4, Маңғыстау облысында — 0, Павлодар облысында — 42, Солтүстік Қазақстан облысында — 124, Түркістан облысында — 3. Елімізде барлығы 942 076 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 783 874 адам, 2-компонентін 8 182 339 адам салдырды.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат тарады:
2021 жылғы 5 желтоқсанда жалпы 126 674 адам Pfizer вакцинасының I-дозасын салдырды.
Оның ішінде:
- Жасөспірімдер — 101 114,
- Жүкті әйелдер — 7 630,
- Бала емізетін әйелдер — 17 930 салдырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісін