Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:09, 12 Тамыз 2020

Коронавирус жұқтырғандарға бес дәрі-дәрмек тегін берілетін болды

Коронавирус жұқтырғандарға бес дәрі-дәрмек тегінберіледі, — деп хабарлайды  Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттықорталығы.

«Денсаулық сақтау министрлігі індеттіанықтаудың және емдеудің хаттамасына тегін таратылатын дәрінің 5 түрін енгізді.Олар: Парацетамол,Ибупрофен, антикоагулянттар, Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран. Өзінжайсыз сезінген немесе дене қызуы көтерілген адамдар дереу емханаға барыпқаралуы тиіс. Егер мамандар коронавирусқа ұқсастығы бар белгілерге көзжеткізген жағдайда нұсқаулық береді. Тұтынуға қажетті препараттардың электронтізімін жазады. Сәйкесінше, дәріханаға барып жеке басыңызды куәландыратынқұжатты көрсетіп қажетті дәріні тегін аласыз. Егер қажет дәрі болмаған жағдайда»СК-Фармацияның" 1439 (қоңырау шалу тегін) байланыс орталығынахабарласыңыз! Операторлар мәселені анықтап, қажет дәрі қолыңызға тигенше жәрдемжасалады", — делінген хабарламада.

"Әрбір өңір өзінің қажеттілігінеқарай тапсырыс берді. Осы аптадан бастап ел тұрғындары емханалардан тегіндәріні ала алады. Дәрігерлердің препараттарды тағайындап жазып беруіне барлықмүмкіндік жасалған»,-деп мәлімдеді «СК-Фармация» ЖШС Басқарматөрағасы Ерхат Есқалиев.Айта кетерлігі, Апиксабан және Дабигатран дәрілерінің қазақстанда баламасы жоқ.Бұған дейін бұл дәрілер стационарлық көмек үшін қолданылған және«СК-Фармацияның» қорында жеткілікті деңгейде сақтаулы тұр. (....),-деді «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев.

Тегтер: