Коронавируспен ауруханаға түскен Мейрамбек Беспаевтың жағдайы туралы айтылды

«МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев Алматыда коронавируспен ауруханаға түскен болатын.
«Иә, жедел жәрдем шақырдық. Жағдайы күрт нашарлап кетті. Алдымен пневмония деген, кейін коронавирус анықталды», — деді «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбай.
Топ директорының айтуынша, қазір Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы жақсы.
«Онымен кеше кешке сөйлестім. Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтқысы келеді. Қазақстандықтар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, олардан үйде отыруын және қонаққа бармауын сұрады», — деді Жүнісбай.
Айта кетейік, 2019 жылдың қыркүйегінде танымал қазақстандық музыкант Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің мәдениет мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Ол 2000-жылдардың басында Сәкен Майғазиев және Мақсат Базарбаевпен бірге «МузАРТ» триосын құрған кезден бастап танымалдыққа ие.