Коронавирусты тұқырту үшін

Қарағандыдапульмопровизорлық госпиталь ашылды
Өңірдегі ақ желең иелері «коронавирус инфекциясынашалдыққан халықты қайтсек аман алып қаламыз» деп тағаттары таусылуға шақ қалды.
Себебі дәрігерлердің алдына мүшкіл халдегі науқастар сағат сайын келіпжатыр. Ауруханаға жете алмай жатқан ауыр жағдайдағы дімкәс жандар қаншама. Осындай жағдайдағы жандар үшін облыстықклиникалық аурухана базасынан 350 төсектік пульмопровизорлық госпиталь ашылды. Жаңадан жасақталған госпитальда жұқпалы індетке тап болған 100 және өкпе дертімен ауыратын 250 адамжатқызылады. Мекемеде өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) құралымен және мониторлармен, сондай-ақ перфузорларменжабдықталған жансақтау бөлімі бар.
Індет ошағын қауіптен сақтау мақсатындабарлық үй-жағдай оқшауланып, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Жаңадан компьютерлік томография орнатылды, осындай заманауи жабықтың екіншісі жақын арадаәкелінеді. Бұл госпиталь COVID-19 белгісі анықталған және түрлі бронх-өкпеауруларынан зардап шеккендерді де қабылдайды. Қазіргі уақыт талабына сай,желдету жүйесі орнатылған ғимаратта бір ауысымда 20 дәрігер, 30 медбике менсанитар жұмыс істейді. Оларға көмекке әскери дәрігерлер келді және жұқпалы аурулар бөлімінежетекшілік етеді.
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Қарағанды қаласы