Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:26, 05 Тамыз 2020

Коронавирустың екінші толқыны: 24 миллиард теңгеге дәрі сатып алынбақ

Қазақстанпремьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтандағы «СҚ-Фармация»логистикалық хабына барды, — деп хабарлайды  үкімет басшысының баспасөзқызметі.

Баспасөзқызметінің мәліметінше, Асқар Мамин COVID-19-дан емдеуге арналған дәрілердіңбар-жоғымен және денсаулық сақтау мекемелерін медициналық дәрі-дәрмектерменқамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.

Денсаулықсақтау министрі Алексей Цой мен «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы ЕрхатЕсқалиев ауруханалар мен провизорлық орталықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуүшін дәрілік препараттардың 91 атауы жеткізілетінін баяндады.

Өткенайда медициналық препараттар өңірлер бойынша 8,7 миллиард теңге бөлінді.Ауруханалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жедел түрде қосымшадәрі-дәрмектер сатып алынды, емделушілер амбулаториялық деңгейде тегін ала алатындәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілді (парацетамол, ибупрофен, ривароксабан,дабигатран және апиксабан енгізілді).

COVID-19-дың екінші толқыны басталса, компанияда 24 миллиард теңге сомасынаекі айлық дәрі-дәрмек қоры құрылуда, сондай-ақ карантин кезеңінде жекеменшікдәріханаларды нарық өз бетінше толықтыра алмайтын 19 тапшы дәрі-дәрмекпенжабдықтау мәселесі пысықталып жатыр. «СҚ-Фармация» оларды қалалар менауылдық елді мекендердегі әр дәріханаға дейін толық жеткізеді.

Үкімет басшысына компанияның логистикасын жақсартушаралары туралы баяндалды: жоспарлы рейстер саны 1,7 есеге артты, тиеу мерзімі2 аптадан 1 аптаға дейін қысқартылды, тауарларды хабтардан өңірлерге бөлуCross-docking қағидаты бойынша жүзеге асырылады, ал қоймалардың жұмысы 24/7режиміне көшірілді.

Премьер-министр өңірлерге дәрі-дәрмектердің тиелуінерекше бақылауға алуды, күзгі-қысқы маусымда COVID-19-дан емдеу үшін барлыққажетті медициналық препараттың болуын қамтамасыз етуді, дәрі-дәрмектергеқажеттілік артқан жағдайда шұғыл әрекет етуді, сондай-ақ бөлшек сауда секторынтапшы дәрі-дәрмекпен толықтыру бойынша тапсырманы орындауды қамтамасыз етудітапсырды.

Медициналық өнімдер мен дәрілік препараттарды отандықөндірушілерді қолдау бойынша жүйелі шараларды қабылдау қажеттігіне ерекше назараударылды. 

Тегтер: