Көшіп келген орыс отбасы: қазақша өмір салтын ұстанамыз

«Әйгілі фильмнің бір кейіпкері: «Күш – шындықта», – деген. Негізі орыстар мен қазақтар бірге болуы керек деп ойлаймын», — деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия 24» телеарнасында журналист Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында.
Қазақстан көпұлтты мемлекет екені жаңалық емес. Десе де, сол ұлттардың барлығы бір мемлекеттің азаматы ретінде бірлікте, тату, ұлттық, мемлекеттік құндылықтарды теңдей қастерлей өмір сүріп келеді. Сол халықтардың ішінде түркі тілдес халықтар, азия және славян халықтарының өкілдері де бар.
2021 жылғы халық санағының мәліметтерін ескерсек, Қазақстан халқының саны 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 19 644 067 адамды құрады. 2009 жылғы соңғы санақтан бері ел халқының саны 20 пайызға, яғни 3,2 миллион адамға өскенін байқауға болады. Бұған халықтың табиғи өсімі мен Қазақстан аумағына көші-қон ағыны ықпал етті. Қазақстан халқының саны 2022 жылы 19 миллионнан асқан болса, қазақтардың жалпы үлесі 13,3 миллион (69,59 пайыз) адамнан асты.
Саны бойынша қазақтардан кейін орыстардың үлесі басым: халық санағы бойынша Қазақстандағы орыстар 2022 жылдың басында ел халқының 15,5%-ын (2 981 946 адам) құрады.
Түркі тілдес халықтардың салт-дәстүрі, тілі, менталитеті өте ұқсас келетіні анық. Десек те, соңғы жағдайларға байланысты, елімігзге орыс халқының жиілеп көшіп келуі көпшілікті алаңдата бастағаны рас.
Қазақстанға бірнеше жылдар бұрын көшіп келген орыс отбасыларының ішінде қазақ тілін меңгеріп қана қоймай, қазақ халқының салт-дәстүрін ұстанатын, олардың мән-мағынасын түсініп, күнделікті өмірлерінің бөлшегіне айналдырған Пономаренколар отбасына арнайы барып, сұхбаттасып қайтқан болатынбыз.
Қазақтыңсалт-дәстүрлерінұстанамыз
Пономаренко Владимир Александрович Алматы облысында орналасқан Исаево деп аталатын шағын мекенде отбасымен бірге өмір сүріп жатыр. Жары Надежда Николаевна екеуі көшіп келгеннен кейін, осы аймақтағы алқапта ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген, қазір зейнет жасында. Маңайындағы көршілері тек қазақ отбасылары болса да, олардың барлығымен жақын араласып кеткен. Қазақтың күнделікті өмір салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары орыс елінен келген отбасы үшін қазір таңсық емес. Тіпті күнделікті тұрмыста осы қазақы салттарды ұстанатын да көрінеді.
Келген қонақты жылы жүзбен, қонақжайлылықпен қарсы алып отырған Владимир аға мен Надежда әпкенің бойынан қазаққа тән жайдары, ашық мінезді бірден байқайсыз. Келген қонағын құдайдай сыйлап қарсы алып, бар жақсысын дастарханына қойып, ашық мінезбен күтіп, баптаған бұл кісілерді сырттай қазақ отбасы екен деп те қаласың. Таза қазақ тілінде сөйлеп, қонағын қазақша салтпен қарсы алып отыр.
Пономаренко отбасы әрбір мерекеде ет асып, нан жайып, бауырсақ пісіреді екен. Бұл ұлттық не діни мерекелердің барлығына ла қатысты. Тіпті асылған етті қазақшалап мүшелерімен бөлу дәстүрін де ьіледі екен (жіліктеу әдісі бойынша мал етін бөлшектеп бөлу). Бұл дәстүрді кейбір қала қазақтары дұрыс білмей де жатады ғой, ұмытылып бара жатқан мәні терең салттарымыздың бірі. Құдаға бас қою, күйеу балаға төс қою, жас қыздар алдына өкпе мен кәрі жілікті ұсынбау сияқты қазақы ұстанымдармен таныс екен, әрі оларды ұстануға да тырысады.
Осыдан 21 жыл бұрын ортаншы ұлы Алексей қазақ қызына үйленуге ұсыныс жасайды. Қазақ қызына қайын ата болған Владимир Александрович ұзату тойы, құдалық, беташар, қалыңмал сынды қазақы салт-дәстүрдің барлығын сақтаған екен:
— Қазақ келінімболатындығына ерекше қуандым. Әр ұлттың өз салты бар. Біз оны жақсы білеміз әрі құрметпен қараймыз. Сондықтан, қазақ қызына құда түскенде, барынша дәстүрді сақтауға тырыстық. Арнайытәттілер мен әшекей-бұйымдарғатолтырып, қоржын дайындадап апардық. Беташар дәстүрін қазіргідегідей дүркіретіп, асабаның домбырасымен өткізбесек те, туыстар мен жақындар алдында ақ орамалмен бетін ашып, ырымдадық.
Абысын тату болса – ас көп
Келін тақырыбында әңгіме басталған соң, қазақ қызына ене болып отырған Надежда Николаевна былай деді:
— Үш келінім үш түрлі ұлттың өкілі: үлкенкелінім – болгар қызы, ортаншысы – қазақ, кенжесі – орыс. Ешқайсысын да бірінен бірін бөле жарып, артық не кем мақтаған емеспін. Осы күнге дейін бір шаңырақта ұрысып-керіспей, ағайын боп, тату өмір сүріп келеміз.
Осы орайда, қазақтың «абысын тату болса, ас көп» деген дана сөзі, туыстар арасындағы татулықтың да, кикілжіңнің де әйелден екені еріксіз ойға түседі екен. Бұл отбасында бірнеше отбасы, бірнеше халықтар арасындағы қарым-қатынас орнатылған. Отбасын кішігірім мемлекет деп жатамыз. Пономаренко отбасы біздің еліміз секілді көпұлтты мемлекет іспеттес.
Отбасының ортаншы келіні қазақ қызы Тұңғышбаева Әсел:
— «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөз бар ғой. Тіл білу дегеніміз өзге халыөтың тарихы, мәдениеті, дәстүрімен таныса аласыңғ өзіңнің жаңадан бір қырыңды ашасың деген сөз. Көп адамдар ойлайды екен, басқа дінге кіріп, басқа ұлт болып кетесің, өз тілің мен мәдениетіңді ұмытасың деп. Қазір бұлай стереотиптерге еретін заман емес. Заман жан-жақтылықты, білімділікті талап етеді. Ал мен осы отбасыға келін болып түскенімде, ата-енем өте жылы, құшағын жаяқарсы алды десем артық айтқаным емес. Барынша қазақ дәстүрлерін сақтап, құда түсіп, келіні ретінде қабыл етті. Мен де 21жыл бойы орыс халқының бар салтымен таныстымдесем де болады. Отағасын сыйлау, оның пікірін бөлісу – әр қазақ келінінің бойына сіңген қасиет. Балаларымның аты-жөні, діні орысша болса да, қазақ тілінде еркін сөйлеседі, еркін ойлап, өз ойын жеткізеді, барлық салт-дәстүрді біледі. Бұл менің қайын атамның дұрыс шешімінің арқасында деп білемін. Ол кісі қазақ елінің нағыз патриоты деп едім. Әр отбасылық жиындарға абысындарымызбен бірге дайындалып, ұлттық тағамдар әзірлейміз. Отан, ең әуелі, өз отбасыңнан басталады. Сондықтан, тату отбасында тәрбиеленген ұрпақ та ел бірлігінің мәнісін түсініп өседі деп ойлаймын, – дейді.
«Тілге құрмет – елге құрмет»
Немерелерінің барлығы да қазақ мектебінде оқып, жоғары оқуды да қазақша таңдап, өзара қазақ тілінде еркін сөйлесетін Владимир Александровия:
– Мен өзім қазақша түсінемін, бірақ, сөйлемеймін. Қате айтып қалармын деп те ойлаймын. Сондықтан да, немерелеріме қазақша білім беруді ұйғардым. Бір жағынан, мемлекеттік тілді білу де керек.«Ел болашағы – жастар дейміз. Ендеше, елдің болашағы мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін ұрпақ болсын, – дейді.
Отағасының өз туған еліне деген құрметін немерелері арқылы көрсетіп жатқаны белгілі.
Мерекелі деберекелі отбасы
Бұл отбасының немерелері екі халықтың салт-дәстүрлерін ұстанатындықтары өте көңілді екенін, мерекелердің екі есе көбірек болатындығын айтуда. «Мысалы, бір көктемнің өзінде Масленица мерекесінде құймақ дайындап, бір апталық мереке тойласақ, Наурызда наурыз көже әзірлеп, түрлі ұлттық ойындар ойнап, ұлттық би билеп, көңіл көтереміз» дейді.
«Кейбір ересектер арасында басқа халық мерекелерін тойлауға сескене қарайтындары бар. Алайда, ешбір мереке, мейлі, ол діни не ұлттық болсын, адамдарды жамандыққа шақырмайды. Керісінше, бірге көңіл көтеруге, тату болуға, жақсы ырымдарды насихаттауға негізделеді», – дейді отанасы Надежда Николевна.