Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:47

Көшпенділер ойындары Қазақстан экономикасына қанша қаржы әкелді?

к
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Туризм және спорт министрлігі Қазақстанға 2 аптада жарты миллионнан аса турист келгенін мәлімдеді. 

Министрлік мәліметінше, 2024 жылғы 1-13 қыркүйек аралығында Қазақстанға шетелден 597 мың турист келген.

68 мың саяхатшы Астана және Алматы халықаралық әуежайлары арқылы, 529 мың турист авто және темір жол көлігімен келген. Шетелдік туристердің Қазақстанға жұмсаған жалпы шығыны: 15,5 млн АҚШ доллары (7,5 млрд теңге) болған.

Алыс шетелден келген туристердің орташа шығыны: 1500 АҚШ долларын құрады.

Көшпенділер ойындарына келген туристердің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі: 625 000 АҚШ доллары. Этноауыл мен ойындарды 250 мыңнан астам адам тамашалаған, деп хабарлады ведомства.

Қазақстанға ең көп туристер Қытай (33 мыңнан астам), Үндістан (6 мыңнан астам) және Германиядан (4 мыңнан астам) келген. Ал, еQonaq жүйесі Астанада 12 500-ге жуық шетелдік турист тіркеген.