Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:20, 10 Сәуір 2024

Қостанай облысында 27 елді мекен электр жарығынсыз отыр

а
Фото: из открытых источников

Қостанай облысында су тасқыны жағдайы тұрақталды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов мәлімдеді.

Қаратомар су қоймасында су ағызу секундына 1 600 текше метрді құрады. Жоғары Тобыл және Желқуар су қоймалары бойынша су ағызудың төмендеуі байқалады. Қарасу ауданындағы Тімтуір, Құндызды және Қарасу өзендеріндегі су деңгейінің төмендеуі тәулігіне 7-ден 81 см-ге дейін болды.

«Облыстың оңтүстік бөлігіндегі Торғай, Дәмді және Қабырға өзендерінде судың әлі де жоғары деңгейі сақталуда. 161 жеке тұрғын үйді су басты. Судың басуына байланысты 27 елді мекен әлі күнге дейін электрмен жабдықтаусыз қалып отыр. Республикалық маңызы бар 4 және облыстық маңызы бар 3 автожол жабылды. Көлік қатынасы жоқ 10 елді мекен бар», - деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов.

Халық азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда әлеуметтік көмек 620 отбасына 114,4 млн теңге сомасында төленді.

Фото: Ортком

Тегтер: