Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:17, 11 Қазан 2024

Қостанай облысында өрттен бір үйдің 5 баласы қаза тапты

ы
Фото: istockphoto.com

Қостанай облысының Жітіқара қаласында өрттен бес бала қаза тапты.

Әкімдіктің мәліметінше, төтенше жағдай жұма күні сағат 4:29-да болған. Өрт салдарынан үйдің шатыры опырылып түскен.

«Оқиға кезінде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған кәмелетке толмаған балалар болған. Өкінішке қарай, үйінділерді тазалау нәтижесінде бес баланың денесі табылды. 2011 жылы туған ең үлкен зардап шеккен жоқ», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына барған. Ал, күйеуі түрмеде екені айтылады.

Оқиғаны Бас прокуратура бақылауға алғанын мәлімдеді.

2024 жылғы 11 қазанда таңғы сағат 5:00 шамасында Жітіқара қаласының ТЖ бөліміне Клубная көшесі, 52 мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруді ТЖД, “Қостанай минералдары "АҚ, Жітіқара қаласының құтқару бөлімшесі және "Семсер Өрт сөндіруші" ЖШС күштері жүргізді. Барлығы 19 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Өкінішке орай, өрт кезінде 5 кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, өрттің алдын – ала себебі-пешті қараусыз қалдыру.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстан Ресупбликасы Бас Прокурорының бақылауына алынды, деп мәлімдеді.

Тегтер: