Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 18 Қараша 2024

Қостанай облысында үш бала мен олардың атасы газға уланып қаза тапты

1
Фото: из открытых источников

Қостанай облысындағы Тастин ауылдық округіне қарасты Қарынсалды ауылында үш бала мен олардың атасы көмірқышқыл газына уланып қайтыс болды, - деп хабарлайды ТоболИнфо.

Қайғылы оқиға 17 қарашада болған. Екі, үш және сегіз жастағы үш бала, сондай-ақ олардың 67 жастағы атасы қайтыс болды.

Отбасының әкесі, анасы және олардың басқа баласы – төрт жасар ұлы Арқалық қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Басылым отбасының аз қамтылған, әлеуметтік жағынан осал тобына жататынын хабарлайды. Отағасы жергілікті мектепте өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.

Дәл осы күні Астанада жер үйдегі өрттен төрт бала қаза тапты.

Тегтер: