Қостанай облысындағы қазандықтағы жарылыс: ғимарат құлаған жерде не болып жатыр
Қостанай облысындағы аудандардың біріндегі модульдік қазандыққа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар қосылды.
6 қарашада мәдениет үйінің жеке қазандығы аумағында қазандық жарылып, артынша ғимарат опырылып құлаған. Бір ер адам жарақат алды.
«Блокты-модульдік қазандық (үш қазандықтан, қуаттылығы 11 киловатт екі айналым сорғысынан тұрады) жеткізілді, сағат 09:30-дағы жағдай бойынша БМК қазандықтарына құбыр тарту жұмыстары аяқталды, жылу берілді. Пәтерлерді жылытуды бастау үшін үй-үйді аралап тексеру жүріп жатыр», - деп хабарлады Амангелді ауданының әкімдігі.
Қазандық жарылған кезде зардап шегушінің денсаулығына келетін болсақ, ер адамның жағдайы ауыр. Ол дәрігерлердің бақылауында.
Қазір жаңа қазандыққа қосылған аумақтағы үйлер мен нысандарда ауа температурасы 18-20 градусты көрсетіп тұр. Блок-модульдік қазандық қазірдің өзінде қалыпты жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, Амангелді ауданының әкімдігі мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қосымша резервтік техника береді.