Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:41

Қостанайда бас дәрігер қамауға алынды

1
Фото: ашық дереккөз

Қостанайда 2 млрд теңгеден аса қаржыны жымқырды деген күдікпен бас дәрігер қамауға алынды.

Қостанай облысының прокуратурасы өзге де құқық қорғау және уәкілетті органдармен бірлесіп, медициналық техника сатып алу кезінде іске асқан сыбайлас жемқорлық схемасын әшкереледі.

Тергеу барысында медициналық мекемелерге аса қажеті жоқ құрылғылардың жоғары бағамен алынғаны анықталған. Алдын ала есеп бойынша келтірілген залал 2 млрд теңгеден асып отыр. Аталған деректерге байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды.

Іс аясында Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы, басқарманың қазіргі орынбасары, аудандық аурухананың бас дәрігері және медициналық жабдық жеткізуші компания өкілі ұсталды.