Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:41, 12 Желтоқсан 2025

Қостанайда денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қамауға алынды

 Ерболат Доспанов
Фото: ашық дереккөз

Қостанай облысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспанов қамауға алынды.

Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспановтың ұсталғанын хабарлады. 

Ведомствоның мәліметінше, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тергеліп жатыр.

Прокуратура өзге мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін атап өтті.

Бұған дейін өңірде денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Жандаев та ұсталған еді. Тергеу мәліметінше, ол медициналық жабдық сатып алу кезінде қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. 25 тамызда оны, аудандық аурухананың бас дәрігерін және бір коммерциялық кәсіпорын директорын ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұстаған.