Қостанайда мемлекеттік субсидияларды жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты
Ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасынан заңсыз ақша алу схемасын ұйымдастырған Beef Export Group компаниясының басшысы, ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлері, фермерлер мен ветеринарлар сот алдында жауап берді.
Фигуранттар ірі қара малды сатып алу және өңдеу туралы жалған құжаттар жасап, солар негізінде субсидия алып отырған. Ал алынған қаражат кейін қолма-қол ақшаға айналдырылады да, бақылаудағы компаниялардың есепшоттарына төлем ретінде аударылған.
Мемлекетке келтірілген шығын 3 млрд теңгеден асты. Тек тергеу кезінде 107 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды. Сот ұйымдастырушыға 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, ал қалған 14 қатысушыға 6-10 жылға сотталды.
Сонымен қатар 3 млрд теңге көлемінде мүлік тәркіленді, оның ішінде 1,3 млн доллар мен 700 млн теңге бар.