Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Қостанайда полицейскийге жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалды

1
Фото: скриншот

2026 жылғы 31 наурызда Қостанай қаласының «Береке» шағынауданында болған оқиға қоғамда резонанс тудырды.

Полиция қызметкері қызметтен тыс уақытта кәмелетке толмаған балаларымен бірге жүрген. Сол сәтте қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған азаматтарға ескерту жасаған.

Алайда ескерту агрессияға ұласып, мас күйде болған бірнеше адам полицейге күш қолданған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиғаға қатысқандардың барлығы жедел түрде анықталып, сол жерде ұсталған.

Аталған дерек бойынша билік өкіліне күш көрсету фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Бұл – Қазақстан заңнамасы бойынша ауыр құқықбұзушылықтардың бірі. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және заң талаптарын бұзбауға шақырды.

Тегтер: