Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:10, 19 Желтоқсан 2024

Қостанайда жедел жәрдем фельдшерін соққыға жыққан

жедел жәрдем

Қостанайда науқас әйелдің туыстары қоңырауға келген жедел жәрдем фельдшерін соққыға жыққан. Дәрігер ауруханаға жатқызылып, оны соққыға жыққандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Фельдшер Әнел Баймурзинаның айтуынша, ол түнгі ауысымға кіріскен.

«Бізге «Тыныс алудың тарылуы» деген қоңырау келді. Барғанымызда агрессивті түрде қарсы алды. Біз өз жұмысымызды істей бастадық - алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Бірақ науқастың қыздары бізге кедергі келтірді, егер біз бірдеңе жасасақ, бізді қарғап, түрмеге отырғызамыз деп қорқытты. Науқастың тыныс алуы тоқтап қалған соң, біз 30 минут бойы реанимация шараларын жүргізе бастадық, бірақ нәтиже болмай, көңіл айтып, шыққалы жатқанымызда қыздары мені тепкілеп, шашымнан ұстап жұлқи бастады. Менің екінші фельдшерім мен жүргізуші қорғауға тырысты, бірақ кейін, жүргізуші қарама-қарсы пәтерге жүгіріп, көршілерінен полиция шақыруды сұрады», – дейді Әнел Баймурзина.

Фельдшер ұрғаннан кейін миы шайқалғанын, самай аймағында гематома, іші көгерген, бетінің жұмсақ тіндерінде сызаттар болғанын айтты.

Тегтер: