Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:17

Қостанайда жоғалған студенттің мәйіті табылды

1
Фото: instagram/poisk_region_10

Қостанайда 19 наурыздан бері іздестіріліп жатқан 17 жастағы Владимир Орел өлі күйінде табылды.

Бұл ақпаратты алдымен еріктілер хабарлап, кейін полиция растады.

Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның денесі Гагарин бөгетіне жақын маңдағы қамыс арасынан табылған.

— Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, — деп мәлімдеді полиция.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда студент Владимир Орел жоғалып кеткені хабарланған еді. Ол жатақханадан шыққаннан кейін байланысқа шықпаған.

Жоғалу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген болатын.

Тегтер: