Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 45-ке жетті
Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 45-ке жетті. Апатты жою бойынша жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша қаза тапқан 45 кеншінің мәйіті табылды, бір кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
"Қаза болған шахтерлердің саны 45-ке жетті. Мұны Республикалық апаттық-құтқару жұмыстары штабы филиалы директорының орынбасары Геннадий Силинский растады", - делінген хабарламада.
Жұмыс бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі тау-кен учаскесінде жүргізілуде.
Апаттың болжамды ошағын тексеру үшін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.
Естеріңізге сала кетейік, сенбі, 28 қазан күні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада метан газы жарылды. Қаза болған кеншілерге байланысты 29 қазан Қазақстанда жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.