Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:22, 02 Қазан 2023

Ковид-19 вакцинасын ойлап тапқан ғалымдар Нобель алды

нобель
Фото: из открытых источников

Медицина және физиология саласындағы 2023 жылғы Нобель сыйлығы РНҚ негізіндегі вакцинаның жаңа түрін жасауға мүмкіндік берген жаңалықтары үшін Каталин Карико (Венгрия) мен Дрю Вайсманға (АҚШ) берілді.

 Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері РНҚ вакциналарын қолдану миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесті.

"Олардың жұмысы әлемде Ковид-19 эпидемиясын бастан кешірген және басқа індеттердің қаупі үлкен болған жағдайда баға жетпес деп танылды", деп түсіндірді Нобель комитеті шешімін.

Өткен жылы бұл сыйлық жойылған гоминидтердің геномдары мен адам эволюциясын зерттегені үшін швед генетикі Сванте Паабоға берілді.

1901 жылдан бері физиология немесе медицина бойынша жалпы 112 Нобель сыйлығы берілді, олардың 224 лауреаты бар.

Осы уақыьқа дейін Медицина саласындағы 39 марапат бір ғана лауреатқа берілді. 34 жүлде екі адам арасында, тағы 39 жүлде үш лауреат арасында бөлінген

Физиология немесе медицина бойынша Нобель сыйлығы тоғыз рет берілмеді: 1915-1918, 1921, 1925, 1940-1942 жж.

Нобель комитетінің ережесіне сәйкес, егер қарастырылып жатқан жұмыстардың ешқайсысы сарапшыларға жеткілікті болып көрінбесе, жүлде қоры келесі жылға дейін сақталады.

Физиология немесе медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары арасында 12 әйел бар. Олардың ішінде тек Барбара МакКлинток оны 1983 жылы бірлескен авторларсыз жалғыз алды.

Бүгінгі таңда физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының ең жас иегері Фредерик Г.Бантинг, ол 1923 жылы 32 жасында алған.

Ең қарт адам – Пейтон Роуз, 1966 жылы сыйлық берілген кезде 87 жаста еді.

Мысалы, австриялық невропатолог және психоанализдің негізін қалаушы Зигмунд Фрейд (1856-1939) физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығына 32 рет ұсынылды, бірақ оны ешқашан алған жоқ.

1936 жылы Фрейд тіпті әдебиет бойынша Нобель сыйлығына ұсынылды. Мұны Фрейдтің танысы, Нобель сыйлығының лауреаты Ромен Роллан жасады.

Комитет ережесіне сәйкес, үміткерлердің аты-жөні 50 жыл бойы құпия сақталады, сондықтан биылғы лауреаттардың бәсекелестері кім болғанын жарты ғасырдан кейін ғана білетін боламыз.

2022 жылға арналған Нобель сыйлығының толық мөлшері 10 миллион швед кроны (шамамен 900 мың доллар) болып белгіленді.

Тегтер: