10:13, 26 Наурыз 2021
Ковидпен ауырған 321 адамның жағдайы ауыр
26 наурыздағы мәлімет бойынша, 22 131 адам короновирус инфекциясынан (19 623 КВИ+ және 2 508 КВИ-) емделуде.
Олардың ішінде 6 981 пациент стационарда, 15 150 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 321 адамның жағдайы ауыр;
• 75 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.