Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 23:00

Қожаны сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев өмірден озды

1
Фото: из открытых источников

Белгілі актер, кинодраматург, "Менің атым Қожа" кинокартинасында басты рөлді сомдаған Нұрлан Сегізбаев өмірден озды. 

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі актер, сценарист, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Санжарұлы Сегізбаевтың өмірден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына терең қайғыра көңіл білдіреді.

Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына айрықша үлес қосқан тұлға. Өмірін шығармашылыққа, ұлттық руханиятты дамытуға арнаған ол кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды.

Нұрлан Сегізбаев, әу баста Нұрлан Санжар есім-сойымен танылды. Әйгілі футболшы Тимур Сегізбаев екеуі – бір әкенің балалары. Әкенің есімі – Санжар Сегізбаев.

Алматының 1950 жылдардағы тұрғындары Санжар Сегізбаев есімін жақсы біледі. Себебі ол қалаға белгілі заңгер болыпты. Дінмұхамед Қонаевтың үзеңгілес досы болған деген де әңгімелер бар. 

Өнерсүйер қауым оны, ең алдымен, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлі арқылы жақсы таниды. Ол қазақ кино өнерінде дара тұлға болып, экранда сомдаған кейіпкер бейнелері арқылы отандық өнер тарихында ерекше орын алды.

Нұрлан Санжарұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы және ғибратты өмір жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын.

Тегтер: