ҚР Қаржы министрлігі жаңа инновациялық жобасын іске қосты
ҚР Қаржы министрлігі «Мемлекеттік қаржының цифрлы картасы» инновациялық жобасын іске қосты.
Платформа барлық қаржы есебі мен салық деректерін бірыңғай жүйеге біріктіріп, бұл әр транзакция бойынша егжей-тегжейлі мәліметті көруге мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде картада 2,5 млн астам ұйым мен 1,4 млн жуық кассалық аппарат туралы мәліметтер бар. Сондай-ақ жүйеде жалпы айналымы 40,5 трлн теңгеден артық сомаға 3,9 млрд чек өңделген.
Цифрлы өнім салық түсімдерінің толық мәліметіне, айналым көлемі мен бизнес географиясына қол жеткізуге жол ашады. Бұл мемлекеттік органдарға өзгерістер мен сын-қатерге уақтылы жауап беруге септеседі. Маңызды аспекттердің бірі - дәл және өзекті ақпарат сапалы талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Бұған қоса сыбайлас жемқорлықты тежеу мен қаржы заңнамасының бұзушылығына жол бермеу мақсатында жаңа құралдарды енгізуге ерекше мән берілген.