Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:40

Креативті Дональд Трамп елді таңғалдырудан жалығар емес

Трамп
Фото: ашық дереккөз

Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Дональд Трамп өз кеңсесінде ерекше мүсінді орналастырды, бұл қастандық жасау әрекетін бейнелейтін өнер туындысы.

Мүсін алғаш рет президенттің 2024 жылы шілде айында өткен жарлық қою рәсімінде байқалған. Суретке түскен кадрда Трамп жұдырығын көтеріп, жеңіске жеткен сәтін меңзеп тұр.

Бұл ерекше мүсін, АҚШ-тың танымал суретшісі Стэн Уоттың қолынан шыққан туынды. Оның айтуынша, мүсіннің идеясы - Трампқа жасалған сәтсіз қастандықты бейнелеу. Уоттың жоспары бойынша, дәл осы жобадағы үш метрлік қола ескерткіш жасау ойы бар. Мүсін Трамптың жеке өмірінде орын алған ерекше оқиға мен қоғамдағы назар аударуды қалайтын уақыттың көрінісі ретінде ұсынылған.

Америкалық БАҚ өкілдері бұл туындыны көргенде, оның тек Трамптың өзіне тән мінезін ғана емес, сонымен қатар елдегі саяси жағдайларды және қоғамдық көзқарастарды бейнелейтіндігін атап өтеді. Көптеген сарапшылар бұл мүсінді Трамптың саясаттағы бейнесі мен саяси әлемдегі оқиғалардың көркемдік тұрғыда сипатталуы деп бағалайды.

Еске салайық, 2024 жылы 13 шілдеде, Батлердегі (Пенсильвания) жиында сайлауалды президенттік кампаниясымен келіп, сөз сөйлеген Дональд Трамптың өміріне қастандық жасалған еді.14:1720 жаста болған Республикалық партия мүшесі Томас Мэттью Крукс митинг кезінде оқ атты да, АҚШ қауіпсіздік қызметкерлері оны көп ұзамай атып өлтірді. Крукстың атқан оғы Трамптың құлағын жыртып өтті де, үш басқа адамға тиіп қалды, солардың бірі болған 50 жастағы азамат бірден көз жұмды. Трампты Құпия қызмет көлігіне мінгізді де, ауруханаға жеткізді. 14 шілдеде Трамптың ауруханадан шыққаны белгілі болды.