«Крокустағы» теракт үшін өмір бойына сотталған адам тергеу изоляторында қайтыс болды
Мәскеудегі №1 тергеу изоляторының (ТИ-1) камерасында «Крокус Сити Холлдағы» терактіге сыбайлас болғандардың бірі қаза тапты. Бұл туралы Мәскеу қалалық ФСИН (Қылмыстық атқару федералдық қызметі) баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға орнына келген медицина қызметкері реанимациялық шараларды жүргізгенімен, одан еш нәтиже шықпаған. Қазіргі уақытта тергеуге дейінгі тексеру амалдары жүріп жатыр. Федералды БАҚ-тың мәліметінше, өзіне-өзі қол жұмсаған сотталушы — Юсуфзода Якубджони Давлатхон.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес:
-
Теракт Юсуфзоданың банк картасы арқылы қаржыландырылған (сотталушының өзі бұл туралы білмегенін алға тартқан).
-
Ол исламның радикалды ағымдарын уағыздайтын арнаға тіркеліп, оның әкімшісі берген тапсырмаларды орындап отырған.
-
Терактіден кейін ол «Внуково» әуежайына барып, кез келген елге ұшатын рейске орын брондауды сұраған, бірақ паспорттық бақылау кезінде ұсталған.
2026 жылғы 12 наурызда 2-ші Батыс округтік әскери соты Юсуфзоданы және тағы 14 айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді. Тағы төрт адам 19 жыл 11 айдан 22,5 жылға дейінгі мерзімге сотталды.
Еске сала кетсек, «Крокус Сити Холлдағы» қанды оқиға 2024 жылғы 22 наурызда болды. Лаңкестік әрекет салдарынан 149 адам қаза тапқан болатын.