17:29, 15 Ақпан 2024
ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен байланысын үзді
«Қазақстан темір жолы» басшысы Сауранбаев Әлия Назарбаеваға тиесілі Instant Payments компаниясымен келісімшартты бұзғандығын мәлімдеді.
Қазіргі таңда электронды билет сатумен «Мобильный портал« ЖШС айналысып жатқаны белгілі болды.
1 желтоқсаннан бері Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісім бұзылды, қазір “Мобильный портал” ЖШС жұмыс істеп жатыр. Компания байқау арқылы таңдалды. Олар электронды билет сату қызметін көрсетеді. Бұл жеке компанияның иесі кім екенін реестрден тексере аласыз. Жаңа компания басшылығында «Ескі Қазақстандағы« танымал фамилиялар жоқ, - деді Әнуар Ахметжанов.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Нұрлан Сауранбаев қанша жалақы алатынын айтқан еді.