Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:25

Қуандық Бишімбаевті тағы бір сот процесі күтіп тұр

Бишімбаев
Фото: из открытых источников

Экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылғанына қарамастан, алдағы уақытта тағы да сот қарауы өткізіледі.

Бұл туралы оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов  мәлімдеді. 

Алимент келісімшартына өзгеріс енгізіледі

Адвокаттың айтуынша, алдағы сот отырысы алимент туралы бұрын жасалған келісімшартты өзгертуге байланысты болмақ.

"Бұл келісімшарт Қуандық бостандықта жүрген кезде, табыс көзі бар, бизнесте жүрген кезінде жасалған болатын. Ол кезде алимент мөлшері жоғары болып белгіленді. Қазір ол жұмыс істемейді, сондықтан алиментті оның ата-анасы төлеп келеді", – деді Ерлан Ғазымжанов.

Оның айтуынша, Бишімбаев жазасын өтеп жатқан колонияда жұмысқа орналаспаған, себебі ол жерде бос орындар аз.

Салтанат Нүкенованың ағасы талапты ұлғайтуды сұрады

Сонымен қатар, адвокаттың айтуынша, Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Бишімбаевтан моральдық шығынды ұлғайтуды талап етіп, Конституциялық сотқа шағым түсірген.

"Бастапқыда ол 1,5 миллиард теңге талап етті. Бірінші сатыдағы сот 10 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды, бұл қаражат төленді. Алайда талапкер әлі де 1,5 миллиард теңгеде табандап отыр. Апелляциялық сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды", – деді адвокат.

Қазір Бишімбаевтың ата-анасы өздерінің туыстары Қайрат және Бекзат Кемеловтерге қарсы сотқа жүгінген. Анасы Бекзат Кемеловті бір миллион доллар көлемінде алаяқтық жасады деп айыптаса, әкесі жала жабу бойынша сотқа шағым түсірген.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 13 мамырында Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот аяқталып, Қуандық Бишімбаев кінәлі деп танылды. Ол зайыбын азаптап өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазіргі таңда Бишімбаев Степногорск қаласындағы ҚАЖ департаментіне қарасты №5 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Тегтер: