Куклаларды босандыру бала өлімін азайта ма?

04.09.2018, 14:12

401

Атырау облысында соңғы жылдары болашақ аналардың көз жұму дерегі азайғанмен, сәбилердің шетінеуі әлі де көп. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМУРЗИЕВА жақында осы мәселеге орай өткен жиында биыл бір жасқа дейінгі 54 сәбидің шетінегенін жеткізді. Бұған шала туатын нәрестелердің көптігі, жүкті әйелдер дәрігерлік есепке кеш тұратындықтан қауіпті патологияның дер кезінде анықталмайтыны себеп екен.Атырау қалалық перзентханасы ғимаратынан ашылған аймақтық симуляциялық орталық алдағы уақытта болашақ ана мен балаға қатысты медициналық көрсеткіштерді жақсартады деген сенім бар. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің шешімі негізінде мұндай орталықтар барлық өңірлерден ашылып жатыр.-Акушер-гинекологтар әбден әйелді босандыруға барғанда абдырап қалып жатады. Бұл жерде аяғы ауыр әйел мен жаңа туған баланың имитациясымен, яғни дене мүшелерін сондай етіп айна-қатесіз жасалған манекендердің көмегімен босану процесін компьютер арқылы толықтай бақылауға мүмкіндік бар, — деп түсіндіреді орталық меңгерушісі Әлия ЛЕПЕСОВА.Ол көрсеткен шала туған сәбиді көрсететін салмағы бір келіге жетер-жетпес манекен-қуыршақ жылаған дауыс шығарып, ауаны қармап, көгере бастады. Атырау медициналық колледжінің студенттері арнайы дайындықтан өткен жаттықтырушының көмегімен оның диагнозын анықтап, дереу ем-домын «қолданды». Дерттің себебі дұрыс анықталмаған, екпе дұрыс салынбаған, басқа да жағдайларда компьютер кемшіліктің қай жерден кеткенін көрсетіп тұрады. Қазіргі таңда Атырау облысында 27 акушер-гинеколог жетіспейді. Орта есеппен алғанда, осындай бір маман 26 әйелді босандырады екен. Өзге аймақтардан аса қат дәрігерлерді шақыртып, үй-жаймен қамтуға уәде беріліп отырса да кадр тапшылығы шешімін табар емес.Фотолар автордікі. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00