10:15, 05 Тамыз 2024
Құлыбаевтың мұнай компаниясына айыппұл салынды
Атырау облысында ірі мұнай компаниясына 13 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.
«Каспий нефть» АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды, делінген хабарламада.
Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық сотының сот алқасының 02.07.2024 жылғы қаулысымен «Каспий нефть» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Компания 13 684 868 730 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
Айта кетейік, «Каспий мұнай» компаниясының 100% акциясы олигарх Тимур Құлыбаевтың «Joint Resources» АҚ-ға тиесілі.