Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:19, 13 Тамыз 2021

Күліп жүріп «ҚазМұнайГазға» келді

None
None

Бұрын жемқорлық қылмысы үшін сотталған Жақсыбек Күлекеев кеше ғана «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.

       Еске салсақ, 2008 жылы Жақсыбек Күлекеев жемқорлық қылмысы үшін айыпталып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Бірақ басты эпизод – «100 мың доллар көлемінде пара алды» деген айып бойынша ақталып кеткен еді.

       Қалған үш эпизод бойынша Жақсыбегіміз кінәлі деп танылған. Ол не істеген десеңіз – өз автокөлігін өз компаниясына тым қымбат бағаға сатқан, қауіпсіздік қызметін өзінің жеке мақсатында пайдаланған  және мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлердің нәтижелерін өз пайдасына асыра пайдаланған.

       2008 жылдың 1 сәуірінде қаржы полициясының сарбаздары қызметтік көлігінен түскен жерінен Жақсыбек Күлекеевтің қолын қайырған. Оның көлігінен бөтен біреудің ақшаға толы портфелі табылған, портфельдің ішіне микрофон қойылған екен. Оның жүргізушісі Есенғали Оспановқа пара беруге делдалдық жасау эпизоды бойынша жалғыз айып тағылған болатын.

       2009 жылы 20 қазанда Жақсыбек Күлекеев мерзімінен бұрын түрмеден босатылған болатын.

Тегтер: