Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:41

Күн сайын 137 әйел мен қыз өз серігінің қолынан қаза табады – БҰҰ есебі

1
Фото: ашық дереккөз

2024 жылы әлемде 83 мың әйел мен қыз қасақана өлтірілген. Олардың басым бөлігі – жақын серіктестерінің немесе отбасы мүшелерінің құрбандары. Бұл туралы БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (UNODC) және «БҰҰ Әйелдер» құрылымы 24 қараша күні жариялаған баяндамада айтылды.

Есеп Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күніне орай әзірленген.

Баяндамаға сәйкес, әр 10 минут сайын бір әйел немесе қыз бала (яғни орта есеппен күніне 137 адам) отбасылық немесе интимді зорлық-зомбылықтың салдарынан көз жұмады.

Әйелдерге қатысты кісі өлтіру деңгейі ерлерге қарағанда әлдеқайда жоғары

UNODC мәліметіне қарағанда:

  • 2024 жылы қасақана өлтірілген 83 мың әйелдің 60%-ы (50 мың адам) – жақын серігі немесе туыстары тарапынан өлтірілген;

  • Ал ерлерге қатысты кісі өлімдерінің тек 11%-ы ғана серіктері немесе отбасы мүшелері тарапынан жасалған.

«Фемицид бір күнде пайда болмайды» — БҰҰ

«Фемицид (жыныстық белгі бойынша жасалған әйелді әдейі өлтіру) бірден пайда болмайды. Ол көбіне ұзаққа созылған зорлық-зомбылықтың соңғы нүктесі. Барлығы бақылау, қорқыту, қудалау сияқты әрекеттерден басталады – оның ішінде онлайн ортада да», - деді «БҰҰ Әйелдер» өкілі Сара Хендрикс.

Хендрикстің айтуынша, интернеттегі қорлау мен қудалау көп жағдайда шынайы өмірге көшіп, ауыр физикалық салдарға, тіпті өлімге әкеледі.

Фемицид ең көбірек таралған өңір — Африка

Әйелдер мен қыздарды серіктері немесе отбасы мүшелері тарапынан өлтіру көрсеткіші өңірлер бойынша былай бөлінеді (100 мың әйелге шаққанда):

  • Африка – 3 жағдай

  • Америка құрлығы – 1,5

  • Океания – 1,4

  • Азия – 0,7

  • Еуропа – 0,5