Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:15, 27 Ақпан 2024

Құранды өртеген Никита Журавел 3,5 жылға сотталды

Құран
Фото: из открытых источников

19 жастағы Никита Журавелге Волгоградта Құранды өртегені үшін айып тағылған болатын. Артынша оның 3,5 жылға сотталғаны туралы ақпарат шықты. 

ВВС-дің мәліметінше, Грозныйдың Висаитовский аудандық соты оны 3,5 жылға бас бостандығынан айырып, 300 сағат мәжбүрлі жұмысқа тарту туралы үкім шығарды.

Никита Журавел Құранды өртегенімен қоса, Шешенстан басшысы Рамазан Қадыровтың ұлы Адам Қадыровтың соққысының құрбаны ретінде танылды. Республика басшысының 15 жастағы ұлы Журавелді тергеу изоляторының ғимаратында соққыға жыққан. Рамзан Қадыровтың өзі ұрып-соққан сәтті желіде жариялады. Оның ұлы бұл әрекеті үшін жазаланған жоқ, кейіннен негізінен мұсылмандар тұратын Ресейдің бірнеше облысының басшысынан марапат алды.