Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:05

Құрылтай депутаттары министрлердің отставкасына әсер ету құқығына ие болуы мүмкін

Бекназаров
Фото: ҚР Конституциялық Соты

Қазақстан Республикасының Конституциясына Құрылтайдың Үкімет жұмысына ықпал ету құқығын бекіту ұсынылып жатыр.

 Бұл туралы сенатор Нұрлан Бекназаров мәлімдеді.

"Үкімет пен Жоғары аудиторлық палата ұсынатын бюджеттің орындалуы туралы есепті қарау және бекіту Құрылтай құзыретіне берілуі ұсынылып отыр. Егер Құрылтай бұл есепті қабылдамаса, бұл Үкіметке сенімсіздік білдіру ретінде қарастырылады, - деді сенатор.

Сонымен қатар, Құрылтай депутаттары көпшілік дауыспен министрлердің отставкасына әсер ете алады.

"Құрылтай депутаттарының жалпы санының үштен бірінен кем емес бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің қызметі туралы есептері тыңдалуы мүмкін. Егер есеп нәтижесінде заңдардың орындалмауы анықталса, Құрылтай Президентке министрді қызметінен босату туралы ұсыныс жолдау құқығына ие болады. Мұндай жағдайда Президент Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы шешім қабылдайды, - дейді Бекназаров.

Бұған дейін Құрылтай заңдарды үш оқылымда қарайтыны хабарланған болатын.