Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:07, 10 Наурыз 2022

Күштіні құрықтауға да күш керек

None
None

Қарағанды облысында дәмханадағы жанжалға қатысып, кейін жол көлік оқиғасының орын алуына себепкер болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерін ұстаған полиция мамандары бүгінде жұмысынан шеттетілген.

Даудың басы дәмханадағы әдемі кештің соңы төбелеске ұласудан басталыпты. Жаңаарқа ауданында Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің маманы Данияр Құдыкенов дәмханада қыдырып жүріп, жанжалға қатысқан. 55 жастағы әйел адам сол жерге тәртіп сақшыларын шақырған. Полиция келген бойда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің маманы көлігіне отыра салып, қаша жөнелген. Жолда басқа көлікпен соғылып қалса да әрі қарай кете берген. Жол ережесін бұзған, оны полиция мамандары әзер дегенде қуып жетіп ұстаған. «Ішімдік ішіп алды» деген күдік болған соң полиция мамандары оған арнайы түтікшені үрлеуі қажет деген талап қойған. Алайда көлік жүргізушісі бұл талапты орындаудан бас тартып, сараптамаға қан тапсыратынын айтқан. Осыдан кейін оны полиция қызметі наркологиялық орталыққа қан тапсыруы үшін алып барған. Кейін сараптама қорытындысы көлік басқарған сыбайлас жемқорлық қызметінің маманында «орташа деңгейдегі мастық болды» деген ұйғарым шығарған.

Ал осы дәмханадағы жанжалға қатысып, кейін жол көлік оқиғасын жасаған маманды ұстаған полицейлердің бүгінде басы дауға қалды. Данияр Құдыкеновті ұстаған полиция мамандары сараптамада құжаттарды ауыстырып жібергендіктен, мастықтың деңгейі орташа болып шыға келді деп отыр. Жазықсыз жапа шектік деген полиция қызметкерінің бірі Жұмабек Жаңабек «әлі күнге Данияр Құдыкенов жауапкершілікке тартылған жоқ, ал заңсыздықтың жолын кескен бізді жұмысымыздан қудалап, басқа жаққа төмендетіп жатқаны әділетсіздік деп санаймыз» деген мазмұнда Президентке бейне үндеу жолдап көмек сұрады. Сонымен қатар полиция қызметкерлері антикор маманының туысы ішкі істер органында жоғары лауазымда қызметте отырғанын атап өтті.

Тегтер: