Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:44

«Күтпеген шешім»: Тәшиев өзінің қызметтен босатылғанын алдын ала білмеген

Ташиев
Фото: ашық дереккөз

Қырғызстанның бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) басшысы Камчыбек Тәшиев Германияға операциядан кейін тексеруден өту үшін президенттің рұқсатымен барғанын хабарлады.

 Ал оны қызметтен босату туралы шешім күтпеген жағдай болды деп атап өтті.

Тәшиев кез келген президенттік шешімді орындау маңызды екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол қызметкерлерге алғысын білдіріп, тек бір өкінішін – ұжыммен жеке қоштасуға мүмкіндік болмағанын айтты.

«Мен ауырып қалдым және президенттің рұқсатымен Германияға келдім, себебі бұрын маған операция жасалған жерде тексеруден өтуім керек болды. Алайда кеше мені қызметтен босатты. Бұл мен үшін толық күтпеген жағдай болды», - деді Тәшиев.

10 ақпанда белгілі болғандай, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Тәшиевті премьер-министр орынбасары, ҰҚК басшысы қызметінен босатқан.

Тегтер: